ҚТЖ жолдарды заңсыз жалға беріп, 4 миллиард теңге пайда тапқан

Бас көлік прокуратурасы "Қазақстан теміржолы" компаниясының вокзал жолдарын жалға беру әрекетіне сотқа шағым түсірді.

Талдау барысында "ҚТЖ" ҰК" АҚ аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік мүлікке билік ету кезінде басымдық таныту фактілері анықталды, деп жазады Aikyn.kz.

Ақтау теміржолшылары жұмыс істеп жатқан компанияның "Қазақстан теміржолына" өтіп кеткеніне қарсы шықты

Теміржол операторы 3 жыл "Востокмашзавод" АҚ-на жалға беруге болмайтын станциялық жолдарды уақытша иеленуге берді, салдарынан жалға алушылар бос тұрған вагондар үшін шамамен 4 миллиард теңге сомасында міндетті төлемдерді төлеуден жалтарып кетті.

Осыған байланысты прокуратура Абай, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды ​​облыстарының соттарына жалға беру шарттарын бұзуды талап ететін талап-арыздармен жүгінді. Қазіргі уақытта қадағалау органының талаптары толық көлемде қанағаттандырылды..