Биыл жыл басынан бері Алматыда төленбеген жылу энергиясы үшін 1 610 абонент өшірілген.
Алматыда борышкерлердің үйіндегі ыстық су өшіріледі
688
оқылды

Енді Алматыда жылу жүйесінің ақысын төлемеген тұрғындардың пәтеріндегі ыстық су өшіріледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бүгінде пайдаланылған ыстық су мен жылыту үшін жалпы қарыз шамамен 2,1 миллиард теңгеге жеткен.

Енді күнделікті «Алматы жылу жүйесіне» қарызы бар бірнеше ондаған борышкер ыстық судан қағылуда. Екі және одан да көп ай бойы төлем жасалмаса, тұтынушы борышкер санатына еніп, қарызды өтеу қажеттілігі туралы хабарлама алады. Егер борышкер одан кейін де қарызын төлемесе, басқа да шаралар қолданылады, соның ішінде пәтер не үйіндегі ыстық суы өшіріледі.

«Борышкерлерге ыстық су беруді шектеу – бұл еріксізден қолданылып отырған шара. Кәсіпорын мұндай шараға баруға мәжбүр, өйткені тұтынушылардың жылумен жабдықтау қызметтерін төлемеуі алдағы жылыту маусымына толық дайындық жасау мен ол маусымнан қолайлы өтуді қамтамасыз етуге кері әсерін тигізуде»,  деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Биыл жыл басынан бері Алматыда төленбеген жылу энергиясы үшін 1 610 абонент өшірілген. Бүгінге дейін компанияға жылыту мен ыстық су үшін төлем жасамаған 1 212 тұтынушының активтері бұғатталды, 355 банктік есепшот бұғатталды, төлемдерін уақытында төлемеген 165 азаматқа Қазақстаннан шығуға тыйым салынды.