11 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдердің шамамен 10%-ы тұрақты түрде вейп шегеді. 
Қазақстанда вейпке ресми түрде тыйым салынды
681
оқылды

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда вейпке тыйым салатын заңға қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Денсаулық сақтау мәселесіне қатысты заңда темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, оларды жарнамалауға тыйым салу қарастырылған.

Алайда бұл шектеу хиттер немесе темекі қыздыру жүйесіне (IQOS, GLO, PLOOM, iFuse) қатысты емес. 

Тыйымның негізгі себебі – өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 11 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдердің шамамен 10%-ы тұрақты түрде вейп шегеді. 

Бүгінде жасөспірімдер арасында электронды темекі қолданудың артуы жаһандық проблемаға айналып отыр.