17 маусымда хабарсыз кеткен Максим Объедков үйінен шығып, сол күйі оралмаған.
Қарағандыда журналист із-түзсіз жоғалып кетті
1,097
оқылды

Республикалық және қалалық басылымдарда спорт журналисі болып істеген Максим Объедков жоғалып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Вечерний Караганда" Telegram арнасының жазуынша, 17 маусымда хабарсыз кеткен Максим Объедков үйінен шығып, сол күйі оралмаған.

 Бойы 189 см, арықша келген, қара шашты, қоңыр көзді. Максим сол күні джинсы шалбар, көк спорттық аяқкиім, басына қара қалпақ киіп шығып кеткен.

«Вечерний Караганда» басылымы оны көргендер болса, мына ұялы телефонға хабарласуды сұрайды: +7 (778) 872-05-13, +7 (708) 352-64-60, +7 (705) 326-86-98 немесе 102.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.