“Дарын” мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші, актриса Айгүл Иманбаева ата-анасының ажырасқан сәтінен сыр шертіп, балалық шағы қалай өткенін айтты.
"Өзімді тастанды бала сезіндім": Айгүл Иманбаева балалық шағындағы ауыр кезеңді есіне алды
Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva
3,344
оқылды

“Дарын” мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші, актриса Айгүл Иманбаева ата-анасының ажырасқан сәтінен сыр шертіп, балалық шағы қалай өткенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Актриса Instagram парақшасында сыр бөлісіп, бала күнінде материалды тұрғыдан жақсы өмір сүрсе де, психологиялық жарақаты бар бала болғанын жасырмады. 

“Әр бала балалық шағында “Бақытты балалық шақты” бастан өткізу керек және әр бала оған лайықты, барынша баланың жүрегіне қаяу түсірмеу керек. Мен өзімнің балалық шағымдағы сәттеріммен бөлістім, бірақ менің осындай балалық шағым бүгінгі мені Айгүл Иманбаева етті. Сол үшін мен әке-шешеме алғысым шексіз. Бала Айгүл ақылды тентек болды. Менің балалығым материалды тұрғыдан қарағанда ештеңеден қиындық көрмей, бақытты балалық шақ болып өтті. Қазақша айтқанда "ішкенің алдында, ішпегенің артыңда", киген киімің, баратын жерің барлығы да болды. Бірақ рухани жанның, жүректің әңгімесі менің отбасымда басқаша болды. Себебі мен әкесіз өстім. Әрине, ол үшін мен қазір әкемді де, шешемді де кінәламаймын. Бірақ бала Айгүлдің жүрегі бұның біреуінде түсінген жоқ. Себебі бала болдым. Үш баланың ішіндегі ең тентегі мен болдым”, – деді актриса. 

Сонымен қатар өнер иесі ата-ананың ажырасуы балаға қалай әсер ететінін айтып берді. 

“Әке-шешенің арасындағы айқай-шу, реніш, олардың ажырасуы баланың жүрегіне қаяу салмай, жүрегін жараламай қоймайды. Сондай жаралы бала болып өстім. Шешем мен бауырларым қасымда болса да, өзімді тастанды бала сезініп өстім. Даладағы, жалғыз қалып қалған бала болып өстім. Бұның барлығы бала Айгүлдің жарасы. Сол жарам бүгінде мені толыққанды адам, Айгүл Иманбаева жасады", – деді әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.