Осы аптада павлодарлықтар қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнын ретке келтіру үшін Усолка өзенінің жағасына жиналды.
Павлодарда «AMANAT» партиясының мүшелері «Таза бейсенбі» акциясын жалғастыруда
738
оқылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру аясында бүкіл ел бойынша ауқымды тазалау және экологиялық іс-шаралар жалғасуда. Осы аптада павлодарлықтар қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнын ретке келтіру үшін Усолка өзенінің жағасына жиналды.

«AMANAT» партиясының мүшелері, «Жастар рухы» ЖҚ, Жастар бастамаларын дамыту орталығының белсенділері, Торайғыров университетінің студенттері, Freedom Team командасының өкілдері жағалау аймағының 3 шақырым жерді тұрмыстық және құрылыс қоқыстарынан жинады. ТКШ басқармасының қолдауымен белсенділерге көмек ретінде арнайы техника ұсынылды.

«Халық: «Тазалық жиналатын жерде емес – тазалық сақталатын жерде» дейді. Акцияның басты мақсаты- қоғамда туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, табиғатқа қамқорлық жасау және тазалықты, сұлулықты, жайлылықты сақтау. Біздің акциямыз қазақстандықтарға үлгі болады деп үміттенеміз», - деп атап өтті «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Айнұр Мұхамедьярова.

Бірнеше апта бойы акцияны жастар бастамаларын дамыту орталығының өкілдері белсенді қолдады. ЖДО басшысы Ризат Рахымжанов бүгінгі күні тазалықты қолдаудың қарапайым ережелерін елемейтінін атап өтті.

«Жазғы кезеңде қазақстандықтар табиғатқа барады, қорық орындарына барады, жағажайларда шомылады және демалады. Біз барлығын тәртіп пен тазалықты сақтауға назар аударуға шақырамыз. Егер сіз бір жерде қоқыс жиналғанын көрсеңіз, оны арнайы белгіленген жерге апарыңыз, бейжай қарамаңыз», - деді Ризат Рахымжанов.

Маусым айының басынан бастап облыс бойынша «Таза бейсенбі» акциясы аясында 40 тоннадан астам тұрмыстық, құрылыс, табиғи қалдықтар жиналды. Акция тұрақты негізде жалғасады.