2016 жылы инфаркт алған ол сол дертпен әлі күресіп келе жатқанын айтады.
«Бір өлімнен аман қалдым»: Сәбит Әбдіхалықов денсаулығы сыр бергенін айтты
Фото: instagram.com/ sabit_abdykalykov
2,422
оқылды

Актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықов денсаулығы сыр беріп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Актер БазарLike бағдарламасында өмірі мен өнердегі жаңалықтарын жеткізді. Айтуынша, жақында ғана ауруханадан шыққан. 2016 жылы инфаркт алған ол сол дертпен әлі күресіп келе жатқанын айтады.

“Жүрегіме 4 жылда 5 стент қойдырдым. Инфаркт кезінде 99 пайызға дейін тамыр бітеледі. Инфаркт болғанда қазір жап-жас жігіттер қайтыс болып кетеді ғой. Солар "көкірегі ауырды деп оянбай қалды, жүріп кетті" дейді. Құрметті көрермендер, көкірек тұсы ауыра бастаса, оған мән беріңіздер. Жедел жәрдем күтпей, өздерің-ақ ауруханаға жүгіріңдер. Менің жағдайымда көкіректі кесіп, жүректі демалтып, жуып-тазалап, ішіндегі жаман нәрселерді алып тастап, аяқтан төрт тамыр алып жалғады. Сөйтіп қайта жауып қойды. Құдайға шүкір, қазір күтіну керек. Осы күнге дейін мән бермей, күтінбей жүре беріппін. Бір өлімнен аман қалдым", – дейді актер.

Сәбит Әбдіхалықов бүгінде жастардан құралған «Назар» драма театрын құрғанын жеткізді. Жақында театрдың тұсауы кесіліп, алғашқы спектаклі көрермен назарына ұсынылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.