Мекеме басшылығы жалған құжаттар негізінде, сатылымға шығарусыз 4 автокөлікті үшінші тұлғаларға сатқан.
«Таза-Талас» басшылығы мемлекеттік мүлікті жымқырып, 22 миллион теңге залал келтірді
784
оқылды

Жамбыл облысы Талас ауданының прокуратурасы «Таза-Талас» ШЖҚ КММ-нің теңгерімінде тұрған автокөліктерді жымқыру фактісін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Мекеме басшылығы жалған құжаттар негізінде, сатылымға шығарусыз 4 автокөлікті үшінші тұлғаларға сатқан.

Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 22 млн теңгені құраған.

Аталған дерек негізінде Талас ауданының прокуратурасы ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ipi мөлшерде талан-таражға салу фактісі бойынша) сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастаған.

Қылмыстық істі облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тергеді.

– Іс шеңберінде прокуратура құны 10 млн теңгені құрайтын 2 автокөлікті қайтарып, 7 млн теңгені мемлекет пайдасына өндірді.

Талас аудандық сотының 2024 жылғы 13 маусымдағы үкімімен «Таза-Талас» мекемесінің директоры және оның орынбасарына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.