Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Астанада әйел екі жасар сәбиді өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: pexels.com
1,115
оқылды

Әлеуметтік желіде елордада бала күтушінің екі жасар сәбиді өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. Бала тұншығып көз жұмды деп болжанып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды деп жауап берді. Алайда бала күтуші туралы ақпаратты нақтылаған жоқ.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті әйел ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.