Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (17-0, 12 КО) Болтон қаласында (Ұлыбритания) өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Sports.kz-тің жазуынша, ол WBA Continental титулы үшін аргентиналық Роман Рубен Рейносомен (22-4-2, 10 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек екінші жеңіл салмақта өтті және он раундқа жоспарланған болатын. Алайда бірінші раундта Зәуірбектің жеңісімен аяқталды. Ол қарсыласын екі рет нокдаунға түсірген болатын.
Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой мансабындағы он сегізінші жеңісіне қол жеткізсе, Роман Рубен Рейносо бесінші рет жеңілді.
Айта кетейік, Зәуірбекті кейбір шетелдік сарапшылар әйгілі отандасымен салыстырып, «Геннадий Головкиннің мұрагері» деп атайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.