Жыл басынан бері елімізде көкжөтел ауруы өршіді. Ауа арқылы таралатын жұқпалы індетті тұсаулау әзірге мүмкін болмай тұр. Олай дейтін себебіміз, Денсаулық сақтау министрлігі көкжөтелдің асқынғаны туралы хабарлап, мұның «эпидемиологиялық қолайсыз жағдай» екенін айтып дабыл қаққан еді.
Көп жөтелден көкжөтел жаман
коллаж: Елдар ҚАБА
1,236
оқылды

Таяуда осы бір ауру түрінен Қарағанды облысында бір адам көз жұмды. Байқағанымыздай, бүгінде көкжөтелдің ел аумағы бойынша, соның ішінде Алматы қаласындағы таралу қарқыны жылдам. Мәселен, қаламызда 2024 жылдың алғашқы бес айында 14 жасқа дейінгі екпе алмаған балалар арасында көкжөтелдің 62 расталған жағдайы тіркелген. Соның ішінде ауырған балалардың басым бөлігі, нақтырақ айтсақ, 90,3 пайызы ұйымдастырылмаған болса, ал ұйымдастырылған балалардың үлесі 9,7 пайызды құрайды. 

Көкжөтелді балалар көп жұқтырады

Көкжөтел – Bordetella pertussis таяқшасынан туын­даған, көбіне ауыз қуысын­да, көмей мен мұрында өмір сүре­тін жедел респираторлық бак­те­рия­лық жұқпа. Бұл ауру түрі ка­­та­ральды белгілермен бірге жү­ретін спазмодикалық жөтел ұс­тамалары түрінде көрінеді. Көк­жөтелдің қоздырғышы негі­зі­нен науқас жөтелгенде, түш­кір­генде, онымен қоса ауа там­шы­ла­­ры арқылы таралады. Ма­­­ман­дардың сөзінше, көк­жө­телді ересектерден гөрі балалар көп жұқтырады. Жо­ғарыда балаларға қатысты атап көрсетілген статистика – соның бір дәлелі. Ересектер көкжөтелдің жеңіл түрімен ауырғандықтан, олар негізінен инфекцияның ошағы әрі аурудың тасымал­дау­шы­сы болып келеді. Дәрігерлер көк­жөтелдің зардабы қауіпті ас­қынуларға алып келетінін ай­та­ды. Ауру катаральды, спазмоди­ка­лық жөтел және резолюция ке­зеңдері арқылы өтеді. Ин­ку­ба­ция­­лық кезеңі 14 күнді құрайтын ауру түрінің катаральды кезеңі жедел фарингит белгілеріне ұқ­сас. Спазмолитикалық жөтел ке­­­­зеңі үш аптадан бір айға дейін со­зылуы мүмкін. Кейіннен бұл қай­та қалпына келтіру фазасына өте­ді. Мұнда науқас жөтелген кез­де шырышты қақырық бөлі­ніп, жөтелу азаяды.

334 адам зертханалық тексеруден өтті

Алматы қаласының Cа­ни­та­рия­лық-эпидемиологиялық ба­қы­лау департаменті басшысының орын­басары Әсел Қалықова ауру ошақ­тарымен байланыста болған 334 адам зертханалық тексеруден өт­ке­нін, олардың нәтижесі теріс шық­қанын атап өтті. Қазіргі уа­қыт­­та науқастармен байланыста бол­ған азаматтарға емхана қыз­мет­керлерінің медициналық ба­қы­лауы орнатылды.

– Көкжөтел – ұстаманың соңын­да «реприздермен» және құ­су­мен, қою тұтқыр қақырықты бөлу­мен, сондай-ақ жөтелдің ерек­ше шабуылдарымен сипат­та­­ла­тын тыныс алу жолдарының жұқ­­палы ауруы саналады. Көк­жө­­телден қорғаудың жалғыз тиім­­ді әдісі – вакцинация. Ұлт­тық күнтізбеге сәйкес, көкжөтел­ге қарсы егу 2, 3, 4 және 18 айлық ба­лаларға (көкжөтелге, диф­те­рияға, сіреспеге, «В» гепатитіне, ге­мофильді инфекцияға және по­лиомиелитке қарсы бір мез­гіл­де) біріктірілген вакцинамен жүр­гізіледі. Бұдан әрі 6 жастағы ба­­лалар АбКДС күшейткіш до­за­сы­мен егіледі, – дейді Әсел То­қан­қызы. 

Ата-аналардың көбі екпеден бас тартады

Көкжөтелді жұқтырған адамда ең біріншіден қа­рапайым суық тиюдің белгілері пайда болады. Науқастың мұрны ағып, дене қызуы көтеріледі, кейін­нен жөтел басталады. Қа­лып­ты жөтел күн өткен сайын кү­­­шейіп, нәтижесінде ұстамалы жө­телге айналады. Адам бойын әл­сірететін жөтел ұстамалары ке­зінде мидың қан айналымы бұ­зылады. Ары қарай мұның соңы психиканың бұзылуы мен түр­лі дәрежедегі ақыл-ой ке­міс­ті­гінің пайда болуына әкеліп со­ғуы мүмкін. Әсіресе, көкжөтел – мек­теп жасына дейінгі балалар үшін аса қауіпті. Ауруды алғашқы бел­гілері пайда болған кезеңнен бас­тап көкжөтел жұқпалы дерт бо­лып саналады. Дәл осы уақытта ба­ла бойында интоксикация бел­гілері байқалады. Мамандар 2 жас­қа дейінгі балаларда көкжөтел ауыр өтуі мүмкін екенін айтады. Әсел Тоқанқызы аталған ауру өк­пенің қабынуы (пневмония), ми­дың зақымдануы сынды ас­қы­ну­ларымен қауіпті екенін жет­кіз­ді. Қазірдің өзінде аурудың ең көп кез­десетін асқынуы да пневмония екені анықталып отыр. Одан өзге науқаста плеврит, бронхит ауруы кү­шейеді. СЭБ департаменті бас­шысы орынбасарының сөзінше, ек­пе алмау себебі көбіне 60 пайыз­ға жуық жағдайда ата-аналардың екпеден бас тартуынан болса, 23,7 пайызы медициналық қарсы көр­сетілімге, 16 пайыздан астамы екпе жасына жетпеген адамдар ара­сында және 4,8 пайызы көк­жө­телге қарсы толық вакцина ал­мауымен байланысты.

– Аурудың белгілері пайда бол­ған уақытта оқырмандарға уа­қытылы медициналық көмекке жү­гіну, өзін-өзі емдемей, тек дә­рі­гердің нұсқауы бойынша ем қа­былдау, бөлмені жиі желдетіп, дым­қыл тазалық жұмысын жүр­гізу, қолды жиі жуу, жөтелген кез­де ауызды майлық қолданып жабу, сондай-ақ ата-аналарға нау­қас балаларды ұйымдасқан ұжымдарға және т.б. көпшілік жиналатын орындарға жібермеуді ұсынамыз, – деп сөзін түйіндеді  Әсел Қалықова.

Денсаулық сақтау саласын­дағы мамандар қазіргі уақытта көк­жөтелді емдеудің арнайы пре­параты жоқ екенін айтып отыр. Дегенмен вакцина қоры үшін мем­лекеттен қосымша қаражат қа­­растырылған. Осы ретте ша­һар­­дың Санитариялық-эпи­де­мио­логиялық бақылау департаменті бала денсаулығы үшін ата-ана тарапынан ортақ жауапкерші­лік болуға тиіс екенін негізге ал­ды. Ауырып ем іздегенше, ауыр­маудың амалын іздейік, құрметті оқырм­ан!

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы