Ұлттық тестілеу орталығы негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындысын жариялады.
Смартфон алып кіріп, ереже бұзған: 400-ге жуық түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды
998
оқылды

Негізгі ҰБТ-2024 басталғалы бері 211 мың рет тест тапсырылған, деп жазады Aikyn.kz.

Оның ішінде:

  • талапкерлердің 76%-ы  шекті балл жинады;
  • орташа балл – 68 балл;
  • ең жоғары балл – 138 балл;
  • ерекше білім беру қажеттілігі бар 577 талапкер қатысты.

Ереже бұзғаны үшін 396 адамның нәтижесі жойылды. Атап айтқанда:

  • смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 267 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
  • тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 120 адам шығарылды;
  • бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 9 адамның нәтижесі жойылды;
  • бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 18%-ы «математика-физика», 16%-ы «биология-химия» пәндер комбинациясын тапсырды. 15%-ы «шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.