Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (17-0, 12 КО) Болтонда (Ұлыбритания) кезекті жекпе-жегін өткізді.
Сұлтан Зауырбек қарсыласын бірінші раундта-ақ ұрып құлатты
Sports.kz
493
оқылды

Аргентиналық Роман Рубен Рейносомен (22-4-2, 10 КО) жұдырықтасып, кездесуді ерте аяқтады,  деп жазады Aikyn.kz.

Екінші жартылай жеңіл салмақта өткен кездесу 10 раундқа жоспарланған еді. Сұлтан қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутпен жеңіп шықты. Оған дейін екі рет нокдаун жасап үлгерді.

Сұлтан Зауырбек кәсіпқой бокстағы 18-ші жеңісіне қол жеткізді.