«Толық метражды көркем фильмдер» аталымы бойынша бас жүлдеге 14 фильм ұсынылған болатын.
Қазақстандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде бас жүлде алды
Фото: istockphoto.com
1,193
оқылды

«Талақ» фильмі Шанхай кинофестивалінде бас жүлде алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Данияр Саламаттың Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірген «Талақ» фильмі Шанхай фестивалінің толық метражды фильм номинациясының «Алтын кубогын» иеленді.

«Толық метражды көркем фильмдер» аталымы бойынша бас жүлдеге 14 фильм ұсынылған болатын.  

Айта кетейік, Шанхай фестивалі – «А» класына жататын он фестивальдің бірі. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының мәліметінше, «Талақтың» басты рөлін Ерболат Әлқожа сомдаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.