Иран билігі коронавирустың тарауына байланысты 70 мыңға жуық тұтқынды қамаудан босатты
Иран билігі коронавирустың тарауына байланысты 70 мыңға жуық тұтқынды қамаудан босатты
© Иранның Ахваз қаласындағы түрме. Көрнекі сурет.
316
оқылды
Иран билігі коронавирустың тарауына байланысты 70 мыңға жуық тұтқынды қамаудан босатты. Бұл туралы елдің сот билігінің басшысы Ибрагим Раиси айтты. Соңғы бір тәулікте Иранда коронавирус салдарынан тағы 43 адамның қайтыс болғаны хабарланды, - деп жазады azattyq.org. - Қауіпсіздікке қатер төндірмейтін жағдайда... қамауда отырғандарды босату жалғасады, - деді Раиси 9 наурызда. Қамаудан босатылғандар түрмеге қашан оралады әлде билік оларды біржола босатты ма – шенеунік ол туралы ашып айтпады. Иран денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур елде вирус жұқтырғандар саны 595 адамға көбейіп, қазіргі кезде дертке шалдыққан 7161 адам барын хабарлады. Ол жариялаған ресми мәліметте коронавирустан елде 237 адам қайтыс болғаны айтылған. 9 наурызда Иранның жоғарғы басшысы аятолла Әли Хаменеидің кеңсесі коронавирусқа байланысты биылғы Наурыз мейрамында Хаменеидің жұрт алдына шығып сөйлемейтінін хабарлады. "Жыл сайын қасиетті Имам Реза кесенесінде өтетін жоғарғы басшының сөз сөйлеу рәсімі... биыл өтпейді" делінген Хаменеи кеңсесі таратқан хабарламада. Бұған қоса осы мешіт орналасқан Мешхед қаласына да аятолланың бармайтыны белгілі болды. Иран билігі елдегі мектептер мен университеттерді жауып, мәдени шаралар мен спорт жарыстары өтпейтінін хабарлаған. Коронавирустың таралуын тежеу мақсатында елде жұмыс уақыты да қысқартылған. Сарапшылар Иран билігі коронавирус жұқтырғандар санын азайтып көрсетіп отыруы мүмкін деп сезіктенеді.