Өнер иесі әйелі екінші перзентін босанарда оған қолдау білдіріп, қасынан табыла алмағаны үшін өзін кешіре алмайтынын жеткізді.
Өзімді әлі кешірмеймін: Медеу Арынбаев өміріндегі өкінішін айтты
yvision.kz
4,578
оқылды

Танымал эстрада әншісі Медеу Арынбаев өмірінде қай қылығы үшін қатты өкінетінін айтты, - деп жазады Aikyn.kz.

Медеу Арынбаев сол кезде екінші перзенті де ұл болғанын қалағанын жасырмады. Алайда кейін қыз баласының жөні бөлек екенін түсінген.

"Қызды болатын кезім. Жігіттермен бас қосып, тойлауды бастап кеттік. "Құдай қаласа екіншісін күтіп жатырмыз. Құдайдан ұл тілеп отырмын" дедім. Әйелімді перзентханаға алып кетті. Үйде аналарымыз күтіп жатыр. Сол кезде келіншегіме қолдау білдіріп, демеу болуды ойламаппын. Қайтеміз сол кезде, оңбадық қой. Балалық болды ма? Шалалық болды ма? Өзімді сол үшін әлі кешірмеймін. Түннің кезінде маған қоңырау шалып, қыз дүниеге келгенін айтты. Таңғалып қалдым. Кейін қызым үйге келген соң, ұл бала қолдан тарта береді. Қыз баланың жөні бөлектеу екен. Қырқынан шыққан соң қызыма деген сүйіспеншілігім ерекше болып кетті. Әлі күнге дейін сондай. Күнде кешірім сұраймын. Сол кезде айтқан иттігімді кешірмеймін", - деді өнер иесі "Ұрпақ" подкастында.