Шабуылдар Махачкала мен Дербентте болған.
Дағыстанда бір топ адам синагога мен шіркеуге шабуыл жасады
1,687
оқылды

Дағыстанда белгісіз біреулер шіркеу мен синагогаға лаңкестік шабуыл жасады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бір қызметкер қаза тауып, тағы алтауы жарақат алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, шабуылдар Махачкала мен Дербентте болған.

Baza Telegram-арнасы Дербенттегі шіркеу мен синагогаға жасалған шабуыл кезінде кем дегенде екі адам қаза тапқанын жазды. Олардың бірі синагогадан шыққан азамат, екіншісі полиция қызметкері. Белгісіз адамдар полиция қызметкерлеріне оқ жаудырған.

Артынша Махачкалада Ермошкин көшесіндегі синагога өртенгені жөнінде ақпарат тарады. Әзірге оның Дербенттегі шіркеудің шабуылына байланысы бар-жоғы белгісіз.

Кейін Махачкаладағы синагога да толығымен өртеніп кеткен. Мұнда да белгісіз адамдар оны өртеп, полициямен атысқан. Mash Telegram-арнасының мәліметінше, үш қызметкер қаза тауып, алтауы жараланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.