Видеоны жолдаған адамның ақпараты бойынша, оқиға шамамен 16:00-де болған.
Алматыдағы Горький саябағында әйел адам қаза тапты (ВИДЕО)
Фото: polisia.kz
759
оқылды

Алматыдағы Горький саябағында әйел адам айналмалы дөңгелектен құлап, мерт болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы almatynews_kaz телеграмм-арнасы жазды.

Видеоны жолдаған адамның ақпараты бойынша, оқиға шамамен 16:00-де болған.

Белгілі болғаны, әйел адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Қалалық полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.