"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 25 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясы арқылы жылжи отырып, найзағай жарқылдап, еліміздің батысында қатты жаңбыр алып келеді. Республика бойынша желдің күшеюі, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында дауыл, бұршақ, оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз Абай, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық сақталады, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Ақтөбе, Алматы облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Ақмола облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының шығысында, орталығында, Атырау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Алматы облысының солтүстік жартысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.