Өскеменде кондитерлік өнімдер қоймасы өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қазақстанның шығысында өрт сөндірушілер ангар үлгісіндегі қойма үй-жайының жануын сөндіріп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша Өскемен қаласында кондитерлік өнімдер жанып жатыр», - деп хабарлады ТЖМ.
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары ірі өртті жойды. Өрт 1500 шаршы метр алаңда жойылған.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – құрылысты-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі техникасын сақтамау.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.