"Қазгидромет" синоптиктері 25 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атмосфералық фронттардың әсерінен ел аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің батыс бөлігінде қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді.
Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс, солтүстік пен шығыс аймақтарында дауыл тұрып, бұршақ жауады.
Оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Абай, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде де аптап ыстық сақталады.
Ақтөбе, Алматы, Ұлытау, Абай, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетісу, Павлодар, Атырау облыстарында жоғары өрт қаупі бар.
Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Алматы облысының солтүстік жартысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.