Павлодарлық "Ертіс" клубының бас бапкері болып Николай Гавриш тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы "Ертіс" футбол клубының ресми баспасөз қызметі мәлімдеді.
Николай Гавриш Қарағандының тумасы. Ойыншы ретінде "Шахтерде", кейін теміртаулық "Болатта" өнер көрсеткен. Амплуа – қорғаушы.
Ойыншы мансабын аяқтағаннан соң ол "Шахтер" U-17, "Елімай" мен "Жальгиристе" бас бапкер көмекшісі болып қызмет атқарған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.