Оқиға орнына келген құтқарушылар 150 шаршы метр жердегі өртті жойды.
Түркістан облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті
Фото: видеодан кадр/ otyrar.kz
1,038
оқылды

Түркістан облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Оқиға Түлкібас ауданындағы «Қарақшы» учаскесінде болды. Жүк пойызы рельстен шығып кеткен. Бұл туралы  Kazinform жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта сүйенсек, апатты жағдайдан 8 вагон бүйіріне аударылып қалған. Салдарынан жоғары вольтты электр желісіне зақым келіп, шпалдар мен қураған шөптер өртенген.

Оқиға орнына келген құтқарушылар 150 шаршы метр жердегі өртті жойды.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі таңда апатты жағдайдың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.