Қайғылы оқиға қаладағы Жеңіс саябағында болған.
Атырауда қатты жаңбырдан ескерткіш құлап, бүлдіршін көз жұмды
1,911
оқылды

25 мамыр күні Атырау қаласында қатты жауын салдарынан ескерткіш құлап, бір сәби көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қайғылы оқиға Жеңіс саябағында 21:30 шамасында болған.

Бұл туралы Facebook желісінің қолданушысы Жібек Әшірхантегі жазды.

"Серуендеп жүрген бір отбасы аяқ астынан жауған жауыннан тасалап, мүсіннің саясында екі бүлдіршінді ұстап тұрған әке мен екі баласын басып қалған.

Салдарынан жеті жасар бүлдіршін көз жұмды", – деп жазды желі қолданушысы.

Атырау қалалық Полиция басқармасы оқиғаны растады.

"Жеңіс саябағы" алаңында 2017 жылы туған қыз балаға ескерткіш құлап, алған дене жарақаттары салдарынан облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды. Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", – делінген ақпаратта.

Баян Жанұзақова