Полиция мәліметінше, адам өліміне әкелген апат бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Алматыдағы автобус апаты: бір адам қаза тапты
Фото: t.me/almatynews_kaz/
630
оқылды

Алматыда автобус апатқа ұшырап, 16 адам жарақат алып, бір адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полиция мәліметінше, адам өліміне әкелген апат бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

«Жол-көлік оқиғасы сағат 14:20 минутта Алматының Алмалы ауданында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, «Kia» көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, «Сity-Bus» ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша кедергіге соғылған», – делінген хабарламада.

Апат салдарынан қоғамдық көліктің 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінсе, бір жолаушы сол жерде көз жұмды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.