Қазақстан ерлер командасы Азия чемпионы атанды.
Қазақстан командасы Азия чемпионатында шпагамен семсерлесуден  алтын медаль алды
Фото: ҰОК
689
оқылды

Семсерлесуден Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны алтын жүлдемен толықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Азия чемпионы атанды. Олар жарыс финалында Олимпиада чемпионы саналатын Жапония құрамасын тізе бүктірді. 

Сондай-ақ, турнир барысында Катар, Қырғызстан, Гонконг құрамаларынан басым түсті. 

Шпагадан командалық сында Ерлік Сертай, Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов пен Вадим Шарлаимовтар сынға түсті. Аталған төрттік  Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.