Тінту барысында заттай дәлелдемелер алынды.
Түркістанда терроризмді насихаттаған 4 күдікті ұсталды
1,733
оқылды

2024 жылғы 26 маусымда Түркістан облысында ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 Қазақстан азаматын ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алдын ала деректер бойынша, фигуранттардың бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған, радикалды діни идеологияға сол жерде тартылған болуы ықтимал.

– Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1 және 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада.