Аталмыш іс-шара тікелей іскерлік байланыстар орнатуға, бірлескен жобаларды талқылауға және келісімдерге қол қоюға бірегей мүмкіндік береді.
Астанада ШЫҰ Іскерлік кеңесі алқасының отырысы өтеді
576
оқылды

2024 жылы 28 маусымда Астана қаласында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Райымбек Баталовтың төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Іскерлік кеңесі алқасының 25-ші отырысы өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Шара барысында ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелері мен перспективаларын талқылау жоспарлануда.

Күн тәртібінде:

  • Сауда-экономикалық байланыстарды және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту;
  • Бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды дамыту.

Отырыста мемлекеттік органдардың, іскер топтардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ экономика және халықаралық қатынастар саласындағы жетекші сарапшылар сөз сөйлейді.

Түстен кейін Іскерлік кеңес аясында «Сауда-экономикалық ынтымақтастық (өнеркәсіп, көлік-логистика, инвестиция, мәдениет және туризм)» тақырыбында ШЫҰ бизнес-форумы өтеді. Онда ірі компаниялардың B2B кездесулері болады.

Аталмыш іс-шара тікелей іскерлік байланыстар орнатуға, бірлескен жобаларды талқылауға және келісімдерге қол қоюға бірегей мүмкіндік береді.