Бүгін Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы елшілігінің көмегімен кісі өлтіруге оқталған күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін экстрадициялады.
Ауылдасын пышақтап, Кореяға қашқан түркістандық елге жеткізілді (видео)
фото: t.me/POLICE_of_KZ/
2,644
оқылды

Бас прокуратура кісі өлтіруге оқталған күдіктіні Корея Республикасынан экстрадициялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы елшілігінің көмегімен кісі өлтіруге оқталған күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін экстрадициялады.

"Аталған тұлға 2022 жылдың наурыз айында Түркістан облысының Сауран ауданында ауылдасымен жанжалдасып, артынан төбелеске ұласқан. Төбелес барысында күдікті қарсыласының кеуде тұсынан бірнеше рет пышақ сұққан. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалды. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті Корея Республикасының аумағында жасырынып жүрген және биылғы жылдың маусым айында сонда ұсталған",  – деп хабарлады прокуратура. 

Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Айта кету керек, күдіктіні экстрадициялау Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірлеген Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы 2003 жылғы 13 қарашадағы ұстап беру туралы шарттың болуының арқасында мүмкін болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.