Желі қолданушылары жасап жүрген іс-әрекеті еркектікке жатпайтынын жарыса жазып жатыр.
"Ұятсыз әйел  – тұзсыз ас": "Меломен" тобының әншісі оқырмандарын ойландырып қойды
Фото: әлеуметтік желіден
7,269
оқылды

Қоғамда әйеліне қол көтеріп ажырасып кеткен “Меломен” тобының әншісінің өмірі қызу талқыға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесінің экс-әйелі бұрынғы күйеуінің екі жылдың ішінде бірінші рет алимент төлегенін айтқан еді. Блогер келіншектің жазбасынан кейін әнші жеке парақшасының сторис бөліміне ойландыратын жазба қалдырды. 

“Ұятсыз әйел – тұзсыз ас секілді”. Жақсы мақал екен”, – деп жазды Ғабит Бибасыұлы. 

Желі қолданушылары жасап жүрген іс-әрекеті еркектікке жатпайтынын жарыса жазып жатыр. Араларында әншінің су жаңа әнін де сынап жатқандар табылды. 

“1 045 ән арнап ақталсаң да, әйеліңді ұрғаның рас”, “Жақтап өліп жатқандар тиіп алыңдар, басы бос”, “Әйел – Алланың аманаты. Қандай жағдай болмасын, әйелін ұрған еркек – тікелей Аллаға қарсы шыққаны”, “Әндерінің бәріне байкот жариялау керек”, “Бала-шағасына көмек бере алмайтын еркек екенсің”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.