Қыркүйек айында өтетін жарыста алыс-жақын шетелдерден боз кілемнің үздіктері бақ сынайды деп күтілуде.
Атырауда “Біріккен күрес әлемі” аясында Oil capital cup  халықаралық турнирі өтеді
917
оқылды

Атырау грек-рим, еркін, әйелдер және жағажай күресі федерациясының грек-рим, еркін күрес түрлерінен ересектер арасында өтетін  Oil capital cup   Atyrau  2024 халықаралық турнирінің кубогы “Біріккен күрес әлемі” (UWW) күнтізбелік жоспарына енді. 

Аталған  іс-шара бұған дейін Атырау облыстық грек-рим, еркін, әйелдер және жағажай күресі федерациясының ұйымдастыруымен 2023 жылы алғаш рет өткізілген болатын. 

"Туған жерімде “Біріккен күрес әлемі” (UWW) мен бірлескен халықаралық спорттық шараны өткізу мен үшін үлкен мәртебе",  дейді Атырау облыстық күрес түрлері федерациясының президенті Арман Тугаев. 

Қыркүйек айында өтетін жарыста алыс-жақын шетелдерден боз кілемнің үздіктері бақ сынайды деп күтілуде.