Бұл - Кувейттегі Азия біріншілігінде Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль.
Қазақстан әйелдер командасы саблямен семсерлесуден тарихта тұңғыш рет Азия чемпионатының жүлдегері атанды
Фото: ҰОК
811
оқылды

Саблямен семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы тарихта тұңғыш рет Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше,  Қазақстан командасы Гонконг пен азулы Оңтүстік Корея құрамаларын жеңіп, финалда Қытай спортшыларына аз ғана ұпаймен жол берді. 

Осылайша, Айгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик және Жасмин Капыджыдан құралған Қазақстан командасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Бұл - Кувейттегі Азия біріншілігінде Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.