Қазіргі уақытта оның қарызы 5 миллион теңгеден асады.
Қарағанды облысының тұрғыны алимент төлемегені үшін қамауға алынды
1,190
оқылды

Қарағанды облысында Шахтинск қаласы прокурорының қаулысының негізінде сот борышкерді алимент төлемегені үшін әкімшілік қамауға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, прокурорлар кәмелетке толмаған баланың әкесі тұрақты табысы болуына қарамастан ұзақ уақыт бойы алимент төлеуден жалтарғанын анықтаған.

– Қазіргі уақытта оның қарызы 5 миллион теңгеден асады. Сот орындаушысы борышкерді хабардар ету, шоттары мен мүлкіне тыйым салу, сондай-ақ өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілікті түсіндіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдаған.

Сот актісі орындалды, борышкер қамауға алудың белгіленген мерзімін өтеп жатыр. Борышкерлерді жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда, – делінген хабарламада. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.