Полицияның хабарлауынша, 28 маусымда Дамир Күзембаев "мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған".
Белгілі қазақ балуаны ұсталды
Фото: әлеуметтік желіден
13,330
оқылды

Полиция Алматы облысындағы күрес түрлерінен федерация президенті Дамир Күзенбаевты ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, 28 маусымда Дамир Күзембаев "мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған".

“Заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде ол балағат сөз айтып, полиция қызметкерлеріне белсенді физикалық қарсылық көрсетті. Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2016 жылы Дамир Күзембаев грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері, ал 2017 жылы күміс жүлдегер атанды. Ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2019 жылы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Спортшы Instagram парақшасында хабарлағандай, ол – Қонаев қаласының Құрметті азаматы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.