"Яндекс" компаниясы Қазақстан үшін "Нейро " сервисін ұсынды. Ол іздеу мүмкіндіктері мен үлкен генеративті модельдерді біріктіреді.
«Алиса» мен «Нейро» қазақша сөйлей бастады
Дзен
575
оқылды

Екі жарым ай бұрын бұл қызмет Ресейде іске қосылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Sostav басылымы жазғандай, қызметті пайдаланған адам қазақ немесе орыс тілдерінде сұрақ қоя алады. "Нейро" барлық қазақтілді және ғаламдық интернеттен ақпаратты зерттеп, оны дереккөздерге сілтемелерімен қосып, бір жауапқа жинақтайды.

Қызмет қарым-қатынастың табиғи тілін түсінеді. Одан бір нәрсені сұрау үшін сөздерді таңдаудың қажеті жоқ. Сұрақтарды ойыңызға келгендей жазуға болады.

Сонымен қатар "Нейро" әдетте бірнеше көздерді зерттеуді қажет ететін сұрақтарға жауап бере алады. Мәтіндік сұрау үшін суреттерді қосуға болады.

Сондай-ақ Yandex Qazaqstan ақылды бағандарда екі тілді "Алисаны" таныстырды. Орыс тілінен басқа дауыс көмекшісі қазақ тілінде сөйлейді. Әңгіме барысында "Алиса" өзі бір тілден екінші тілге ауысады.

Осы уақытқа дейін виртуалды ассистент тек "Яндекс" және "Яндекс Браузер” мобильдік қосымшаларында қазақ тілін меңгерген.