Жәнібек бұған дейін асырап алған анасы ауырып жатқанын айтқан болатын.
«Өмірім туғалы қиындыққа толы»: туған анасын іздеп жүрген қазақ баласы жан сырын ақтарды
Фото: видеодан кадр
3,109
оқылды

Туған анасын іздеп жүрген Жәнібек атты қазақ баласы әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оны бельгиялық отбасы асырап алған болатын. Жәнібек кейінгі кезде өмірінде түрлі қиындық болып жатқанын жеткізді.

"Құрметті қазақстандық әке-аналар, аға-әпкелер. Өздеріңіз білетіндей, менің өмірім туғалы қиындыққа толы, бірақ, соңғы уақытта тіпті ауыр болып кетті. Бұл кезең маған бір кішкентай дүниеге, шынымен маңызды нәрсеге қуанып, сол азғантай қуаныштан ләззат алуды үйретті.  Мысалы: қуаныш, достық немесе ұмытылмас әдемі сәттер. Менің ең жақын досым Португалияда тұрады. Мен биыл сәуірде досыма қонаққа барған едім, бұл өте керемет демалыс болды!" - деп жазған ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Murat Saveliev (@muratsaveliev)

Жәнібек бұған дейін асырап алған анасы ауырып жатқанын айтқан болатын.