Полицейлер оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.
Павлодарда балконнан құлайын деп тұрған қарияны полицейлер құтқарып қалды
Фото: Павлодар облысы ПД
1,187
оқылды

Павлодарлық полиция қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған қарияны құтқарып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

29 маусым күні сағат 03:40 шамасында «102» операторының пультіне Н.Назарбаев даңғылы бойындағы 91-үйдің 8-қабатының балконында ер адамның асылып тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жанат Данияр, Нұржан Қалиев, Дамир Дүйсембаев және Бауыржан Нұрғазынов жетті.

«Біз барған кезде ер адам 8-қабаттың балконынан ұсталып асылып тұрды. Біз бірден 8-қабатқа көтерілдік, оған тек оның пәтері арқылы ғана кіруге мүмкіндік болды. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге пәтердің есігін ашып, балконға өтіп, бір қызметкер төмен түсіп, ер адамды денесінен байлап, бірге жоғары шығардық. Ер адам еңсесі түскен жағдайда болып, ештеңе түсіндіре алмады. Бөлмеде біз  онымен тілдесіп,  оның жақындарына керек екендігін айттық. Сол сәтте біз үшін ең бастысы адамды құтқару болды. Әр секунд рөл атқарды», – дейді қызмет инспекторы Нұржан Қалиев. 

Белгілі болғандай, мұндай әрекетке ер адамның туыстарымен жанжалы себеп болған. Кейін полицейлер оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.