Жәнібек соңғы уақытта өмірі қиындап кеткенін айтады.
Өмірім ауырлап кетті: Анасын іздеп жүрген Жәнібек жан сырын ақтарды
1,234
оқылды

Біршама уақыттан бері туған анасын іздеп жүрген, бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында жан сырын ақтарды, – деп жазады Aikyn.kz.

«Құрметті қазақстандық әке-аналар, аға-әпкелер. Өздеріңіз білетіндей, менің өмірім туғалы қиындыққа толы, бірақ, соңғы уақытта тіпті ауыр болып кетті.

Бұл кезең маған бір кішкентай дүниеге, шынымен маңызды нәрсеге қуанып, сол азғантай қуаныштан ләззат алуды үйретті. 

Мысалы, қуаныш, достық немесе ұмытылмас әдемі сәттер.

Менің ең жақын досым Португалияда тұрады. Мен биыл сәуірде досыма қонаққа барған едім, бұл өте керемет демалыс болды!», – деп жазған ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.