Boxingscene.com басылымының жазуынша, алдағы уақытта Геннадий Головкин бір жекпе-жек өткізуі мүмкін.
Геннадий Головкин шаршы алаңға оралуы мүмкін
www.istockphoto.com
1,838
оқылды

Головкин шаршы алаңға оралуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

Естеріңізде болса, орта салмақта әлемнің экс-чемпионы бүгінде ҰОК президенті қызметін атқарады. Соған қарамастан Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін өткізу үшін шаршы алаңға оралуы мүмкін екенін айтты. 

Еліміздің кәсіпқой боксшысы соңғы рет шаршы алаңға 2022 жылдың күзінде шығып, төрешілердің ортақ шешімімен мексикалық Сауль Альвареске есе жіберген болатын. Бірақ бұл айқастан соң Геннадий карьерасын аяқтайтынын ресми мәлімдеген жоқ.

 – Әзірге мен бокстан кететінім туралы айтқан жоқпын. Әрі мұндай нәрсені айту – менің болмысымда жоқ. Уақыт көрсетеді. Қазір алдымда үлкен міндет тұр. Істеп жатқан жұмысым маған өте ұнайды. Өмірімнің мәні – ол қозғалыс. Егер біреу мені шаршы алаңға шақырып, ол ұсынысы көңілден шықса, онда оны қабылдаймын. Сондықтан алда менің қатысуыммен бір жекпе-жектің куәсі болуларыңыз мүмкін, – деді Головкин.

Геннадий Головкин 2024 жылдың ақпан айында ҰОК президенті болып сайланды. Ол бұл қызметте қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаевтың орнын басты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.