Ұлының басы да, қолы да ескерткіштің астында қалған.
Ескерткіш құлап, қайтыс болған қыздың әкесі: «Әке» деп айғайлаған қызымның дауысын естідім
8,277
оқылды

Атырау қаласындағы Жеңіс саябағында үстіне ескерткіш құлап, қайтыс болған қыздың әкесі оқиғаның қалай болғанын айтып берді, – дейді Aikyn.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Қыздың әкесі Айдос Сабыровтың айтуынша, 25 маусымда сағат 21:30 шамасында, ол ұлы мен қызы Айаруды Жеңіс саябағында серуендетіп жүрген. Айдос пен қызы велосипедті жалға алып, ал ұлы өзінің кішкентай велосипедін тепкен.

"Олар саябақтың ішкі жағына кіріп кетті. Артынша күтпеген жерден жаңбыр жауа бастады. Алдымен біз ағаштың астына тығылдық. Содан кейін қызым тоңа бастады, мен жейдемді шешіп, оған кигіздім. Малмандай су болғаннан кейін, қызым дірілдей берді. Сосын оны көтеріп, ұлымды артымнан ертіп парктің шыға берісіне беттедік. Шамамен 50 метр қалғанда қатты жел көтеріліп, ауыр заттар ұшып кете бастады, осылайша біз ескерткіштердің бірінің артына тығылуды шештік. Желдің қатты болғаны соншалық, биік ағаштар бүгілді. Кенеттен мен арқамнан қатты соққы сезіндім. Көздерім қараңғыланып, өліп жатырмын деп ойладым, дұға оқи бастадым. Бірақ кенеттен мен "әке" деп айғайлаған қызымның дауысын естідім, содан кейін мен өзіме келдім, білмеймін, Алла маған күш берді. Ол мені оятып, көзін жұмды. Мен мұқият қарап, үшеуіміздің үлкен тастың астында жатқанымызды түсіндім", – дейді Айдос Сабыров Atyrau ONLINE-ға берген ақпаратында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.