UFC-дегі алғашқы қазақстандық ару
UFC-дегі алғашқы қазақстандық ару
Фото: жеке архивтан
576
оқылды
«Армандар орындалады» дейді 23 жастағы қазақстандық Мария Агапова. Ол ММА өкілі атанып, UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық қыз. Аса жеңіл салмақ бойынша аралас жекпе-жекте күресіп жүрген Мария сегіз жекпе-жектің алтауын уақытынан бұрын аяқтаған. Жас та болса, осындай жетістікке қалай жеткенін білгіміз келіп, әңгімелесудің орайы туды. [caption id="attachment_26928" align="alignnone" width="1024"]Марина Агапова Фото: жеке архивтан[/caption] – Құтты болсын! Мұндай жетістікке жетудің өзі оңай емес. Енді, шарт бойынша қанша кездесу болады деп жоспарланған? – Шынын айсам, ол жағы әлі белгісіз. Бірақ  естуімше, биыл UFC сайысты көп өткізбейді. Алайда қанша ойын болса, соның бәріне шығамын деген ниеттемін. [embed]https://www.instagram.com/p/B9ClkYOHiTD/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed]
– Биыл жазда, дәлірек айтсақ, 13 маусым күні Нұр-Сұлтанда UFC тарихында алғаш рет қазақ шоуын өткізеді. Сізді сол жерде көреміз бе? – Келісімшарт бойынша әлі анонсы шықпаған жекпе-жек жайында тіс жармауым керек. Сондықтан бұл туралы ештеңе айта алмаймын. Бәрін уақыты келгенде білесіздер.
[caption id="attachment_26931" align="alignleft" width="444"]Агапова Фото: жеке архивтан[/caption] –  UFC аралас жекпе-жектің әлемдегі ең ірі халықаралық спорттық ұйым екені белгілі. Олардың көзіне түсіп, шартты жұлып алу қиынға түспеді ме? – Әрине, қиын болды. Арманым үшін барымды саламын деп ойламадым. Тіпті, өзімнен ондайды күтпедім. Аяқасты туған жерімнен көшіп, Америкада қалу оңай соқпады. Басымнан өткен қиындыққа қарамастан, арманым орындалғанына қуаныштымын! Маған қолдау көрсеткен жаттықтырушылар, менеджерлер мен демеушілер, әсіресе, Алик Давиш, Александр Ромашов, Айдар Махметов, RusFighters спорт клубының вице-президенті Алексей Жернаковтарға алғысым шексіз.
Өзге түгілі өз еліңде жүріп биік шыңды бағындыру қашанда ауыр. Ал өзге елде жүрген маған бұл белесті бағындыру қиын болды. Міне, сондайда  кез келген көмек, жылы лебіз бен сөз жанға қуат береді. Соның арасында ірі демеушінің бірі Tv-Com.kz компаниясы өз елімнен болғаны төбемді көкке жеткізді.
[caption id="attachment_26934" align="alignnone" width="1000"]Агапова Сурет интернеттен алынды[/caption]

Жеңістің құпиясы неде?

– 8 жекпе-жектің алтауын уақытынан бұрын жеңіспен аяқтап, тек бір ұтылысыңыз бар. Өткенге қарап, сол күресте өзіңізден қандай қателік кетті деп ойлайсыз? Әлде жеңіске жету үшін жігер жетпеді ме? – Біріншіден, тәжірибе аздық етті. Екіншіден, тамақтану, салмақ қосу бойынша білетінім аз болды. Қазақстандағы жиған-терген тәжірибем әлемдік аренада жеткіліксіз еді. Соның орнын  тез арада толтыруға тырыстым. Қазір бәрі жақсы.   единоборства – Америка мен Қазақстандағы аралас жекпе-жектің айырмашылығы бар ма?  – Әрине, бар. Бұрынғы Кеңес Одағының құрсауында болған мемлекеттерде дұрыс тамақтану үрдісін білмейді. Әлі күнге дейін қатып қалған стериотиптер бар. Оны дұрыс емес деп ешкімді сендіре алмайсың.
Мәселен, таңғы асқа тәтті қауыз немесе кешкіге йогурт жеген дұрыс. Бірақ қауыздың өзі көміртекке, ал йогурт  қантқа толы. Шынын айтсақ, бізде дұрыс тамақтануды, соған қарай қалай жаттығуды ешкім білмейді. Алғашында мен де білгенім жоқ. Осы жаққа  келіп, жаттыға жүріп, дұрыс салмақты сақтай алуды үйрендім. Біздің елдегі ММА сол жағынан ақсап жатыр.
агапова – Осыған байланысты арнайы диета ұстайтын шығарсыз? – Дәл қазір диета ұстап жатқаным жоқ. Әзірге өзімді ештеңеден шектемеймін. Бірақ жарыс таяғанда диета ұстаймын. Мысалы, қатты тойып тамақтанбай, қант пен тұз мүлдем қолданбай кетемін. [embed]https://youtu.be/gXHFI-TVvpg[/embed]

Мария АҚШ-та қала ма?

– Ал сіздің АҚШ-қа кетуіңізге не себеп болды? – «Адам жоспарлайды, Алла Тағала шешеді» дегендей, «АҚШ-қа барамын, сол жақта қаламын» деген ой менде мүлде болмады. Шетелге кетуіме себепкер болған Dana White's Contender Series шоуы еді. Солармен келісім жасап, жай ғана бір-екі кездесу өткізіп қайтамын деп ойладым.  width=
Сол жекпе-жектен кейін  Invicta FC ұсыныс жасады. Қажетті заттарымды алып келуге үйге де бармай, бірден қалып қойдым. Бір қабат киімімді, қажетті заттарымды осы жақтан алдым. Міне, содан әлі жүрмін. Бір жылдай болып қалды-ау...
– Ол жақта ешқандай тіреусіз, өз-өзіңізбен күнелту оңай шаруа емес. «Тас түскен жеріне ауыр» дегендей, біраз қиындық көрген де боларсыз, алайда жаныңызды қинағаны не еді? – Аңсаған арман-тілегіңе жету жолында бәрен шыдайды екенсің. Осыған көзім жетті. Қазір демеушілерімнің арқасында тамағым да тоқ, үйімнің пәтерақысы да, қарызымды да жаба аламын. Әйтпесе, оған дейін айдан айға қарызданып жететінмін. Тұрмыстық қиындықты да, аштықты да көтере аласың. Жанымды қинағаны – белгісіздік.  width=
Жарақаттарым болған соң, жекпе-жекке де шыға алмадым. Арасында көлік апатына түскенім бар. Міне, сол аралықта қайда бара жатқанымды, күреспен мүлдем айналыса алмай қаламын ба деген қорқыныш болды.  Оған тағы жейтін тамағың таусылып, пәтерақың келгенде «ақшаны қайдан табамын» деген уайым қосылды.  «Қарызымды қайтара аламын ба?, «құтыла алмасам ше?» деген ойлар мені сан-сақтан жеді. Осындай күйде үш айдай жүрдім.
[caption id="attachment_26947" align="alignleft" width="527"] width= Америкадағы пәтерінде ілулі тұрған ту[/caption] – Қазақстанға қайтып оралғыңыз келмей ме? Әлде сол жақта қаласыз ба? – Әзірге осы жақта маған мүмкіндік көбірек секілді. Бізде әлі көп нәрсе дамымаған, жекпе-жекті ұйымдастыратын ұйым да жоқ. Оның үстіне, бизнеспен айналысамын, картиналарым сұранысқа ие. Шынын айтсам, Қазақстанда оны ешкім алмайды да. Ол жақтағы тобымнан кеткен соң, олармен байланысым да үзілген. Қайтып барғанның өзінде не тобым, не жаттығатын залым жоқ. Ал мына жақта енді аяғыма тұра бастадым. Әзірге Америкада бағымды сынап көрмекшімін. [caption id="attachment_26949" align="alignnone" width="1024"]Мария Агапова Марияның салған суретін сатып алған әріптесі[/caption]

Марина күреске қалай келді?

– Күрес алаңындағы кумиріңіз кім? – Бұрын теледидардан UFC-дің сайысын жібермей көретінмін. Аманда Нуньес, Йоанна Еджейчик секілді болсам дейтінмін. Ал қазір сенесіз бе, бәріміз бір залда жаттығамыз. «Армандар орындалды» деген осы, бүгінде олар менің достарым. [caption id="attachment_26951" align="alignright" width="392"] width= Марияның салған суреті[/caption] – Қыз балаға жекпе-жекпен айналысу қиын емес пе? Бұған қалай келдіңіз? – Өзім бала кезімнен төбелеске жақын болдым. Себебі, төбелеске толы киноны жібермей көретінмін. Рас, сол секілді төбелескім келетін.
Оның үстіне, мектепте балалар мазақтап, тиісе беретін. Өзімді қорғағым келіп, жекпе-жекпен айналыса бастадым. Хоббиға айналған бұл іс бірде ақша әкеле бастады. Сөйтіп, жұмысыма айналды.
 – Күрестегі қыздардың төбелестің ортасында жүріп, әйелге тән нәзіктік жоғалып кетуі мүмкін бе? – Меніңше, қанға біткен қасиет ешқайда жоғалмайды. Бойдағы нәзіктік қалай десек те, болмыс-бітімде көрініп тұрады. Күресте бастысы нәзіктікті емес, денсаулықты жоғалтып алмауы керек. Жекпе-жек аяқасты сәтсіз аяқталса, арты қиын болады. Сондықтан «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» бәрін ұқыпты жасаса, ештеңені де жоғалтпаймыз. агапова

Жекпе-жекпен айналысуына қарсы болған кім?

– Күреспен түбегейлі айналысуға ата-анаңыз қарсы болмады ма? – Әрине, ата-анам қарсы болды. Әлпештеп, аялап өсіріп отырған қызын төбелеске кім жіберсін?! Әсіресе, әкем беріге дейін бері қарамады. Кикбоксингпен айналысып жүргенімде марқұм әкем жұптасуыма келіп, «Тамаша, сенің жақсы күресетініңді білмеппін» деп риза болған. Ертеңінде базарға апарып, қолғап пен басқа шлем алып берді.
Ол әлі Павлодардағы үйде сақтаулы тұр. Қазір табыс тауып, танылып жатқанымды көрген анам жұмсарып, қолдайтын болды. Отбасымның ішінде қалаған дүниеме орын табу оңайға түспеді. Бәрібір түбінде өз дегенім болды.
– Өзіңіз Павлодардың тумасы екенсіз, ата-анаңыз немен айналысады? – Жанұям әлі Павлодарда тұрады. Анам сол жақтағы бір компанияда бас есепші. Ал әкем 11 жасымда қайтыс болған.   width= – Денеңіздегі татуировкаға қарап, жақсы көретініңізді байқадық. Алғашқы татуировканы неше жасыңызда салдыртып едіңіз, қазір нешеу? –  Иә, ұнайды. Қазір сегіз татуировкам бар. Бірінші татуировканы 15 жасымда жасаттым. Баласың ғой, ол жайында анаға айтпақ түгілі, сөз де қозғай алмайсың. Татуды салдыртқым келгені соншалық, таныстарым арқылы мың теңгелік жерді таптым.
Бірақ не салдыратынымды білмей дал болып, сол кісінің кеңесімен бесінші нүктеме бантик жасаттым. Кейін анам оны білгенде, тату салған адамның үстінен арыз жазып жібермекші еді. Тіс жарып айтпаған соң, ол да қалды.