Синоптиктердің болжамы бойынша, Астанада таңертең және күндіз найзағай ойнайды.
Найзағай, бұршақ, жаңбыр: 2 шілдеде ауа райы қандай болады?
Фото: istockphoto.com
727
оқылды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 2 шілдеде еліміздің 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Астанада таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. 

Алматы облысының және Алматы қ. таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с болады.

Алматыда кей уақыттарда найзағай ойнайды. 

Жетісу облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с жетеді. 

Атырау облысының оңтүстігінде, батысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыста 35-36 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні – 15-20 м/с. 

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. Облыстың батысында, солтүстігідне жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ұлытау облысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында бұршақ, дауыл болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ жауып, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының солтүстігінде найзағай, шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде күші – 15-20 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram    арнасынан таба аласыз.