Спортшы 297 миллион рубль қарызы бар болып шыққан.
Белгілі спортшы Хабиб Нурмагомедовтің есепшоты бұғатталды
2,900
оқылды

Ресейдің салық қызметі бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің қарызын төлеу талаптарын орындамағаны үшін банк шоттарына тыйым салды. Спортшының банк алдында 297 миллион рубль қарызы бар болып шыққан. Есептік операциялардың бұғатталуына осы қарызы себеп болған. 

BIR-Analyst ақпараттық жүйесінің таратқан мәліметіне сәйкес, Хабиб Нурмагомедовтің базада жеке кәсіпкер екені жазылған. Сонымен қатар ол әртүрлі коммерциялық ұйымда құрылтайшы және бас директор ретінде тіркелген: Eagles Fight Club LLC, Sildi LLC, сондай-ақ бірқатар қайырымдылық қорын басқарған. 

Еске салсақ, бұған дейін Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың жиені Шешенстанның көлік министрі болғанын жазған едік.