Бұл туралы ҚХР Төрағасы ресми мәлімдеді.
Қытай Қазақстанның ішкі ісіне сыртқы күштердің араласуына қарсы
536
оқылды

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин «Қытай және Қазақстан: жаңа көкжиекке ортақ ұмтылыс» атты авторлық мақаласында осылай деді. Мақала «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне жарияланды.

Көрші ел басшысы Бейжің мен Астана арасындағы саяси өзара сенім деңгейіне тоқталып, екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын жазды.

Мәселен, сауда-саттықтың былтырғы көлемі рекордтық деңгейді көрсетіп, қаржы айналымы 41 млрд АҚШ долларына жетті. Өзара қолдау мен ынтымақтық арқасында біз бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейдегі саяси өзара сенімге қол жеткіздік, –деп атап өтті ол.

Си Цзиньпиннің пікірінше, екі ел де жан-жақты, бірлескен және тұрақты қауіпсіздік тұжырымдамасын жүзеге асыруды қолдайды.