Болған жағдайға байланысты ҚАЖК жауап берді.
Бишімбаевтың изоляторда төбелес шығарғаны туралы сыбыс тарады
Жоғарғы сот
6,019
оқылды

Әлеуметтік желіде Қуандық Бишімбаев тергеу изоляторында белгісіз себептермен бірге отырған адаммен төбелескені туралы ақпарат тарады. Оқиғаға қатысты ҚАЖК өкілдері пікір білдірді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz сайты.

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді", – деп жазылған хабарламада.

Желіде тараған ақпаратта оқиғаның Астана қаласының тергеу изоляторында болғаны жазылған. Бишімбаев 1986 жылы туған басқа сотталушының денесіне көптеген дене жарақатын салған. 

Айта кетейік, сот үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.