Бұл туралы тележүргізуші парақшасында айтты.
«Мен үшін ең маңызды күн!».  Руслан Өтепбай қуанышты жаңалығын жұртқа жария етті
48,470
оқылды

17 жыл бойы құлдықта болған апалы-сіңлілі қыздардың тағдырының өзгеруіне себепші болған танымал тележүргізуші Руслан Өтепбайдың қарындасы тұрмыс құрып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасай отырып .

Журналист қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Мен үшін ең маңызды күн!
Құдалар қарындасыма сырға салу үшін келді», – деп жазды.

Одан кейін:

«Үйдің үлкені мен. Менен кейін қарындасым бар. Бір айдан бері жалғыз бауырымның ұзату тойына дайындалып жүрмін. Қыз беру екі мағынада да қиын екен. Алғашқысы қимастық болса, екіншісі жауапкершілік. Маңыздысы да осы болар», – деп жазған еді ол.