Бұл туралы желіде қызу талқылап жатыр.
Ауылда қой бағып жүрген Жандәурен «Привет, Андрей» шоуында қадірлі қонақ болды
8,000
оқылды

Желіде үш айда 80 млн рет тыңдалған «Дарите женщинам цветы» әнінің орындаушысы Jazzdauren «Привет, Андрей» бағдарламасында қонақ болды, – деп жазады Aikyn.kz сайты KAZ.NUR.KZ-ге сілтеме бере отырып.

20 жастағы Jazzdauren музыкалық мектепте білім алып, кейін колледжге түскен. Қазір жоғары оқу орнында оқып жатыр.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны – үйдің үлкені. Артынан ерген үш інісі бар.

«Мен өзім джаз айтқанды ұнатамын. Лақап атым да Jazzdauren. Шын есімім Жандәурен. Бұл сүйікті ұл деген мағына береді. Жақындарым мен туыстарыма, сыныптастарыма сәлем айтамын. Шынымды айтсам, мұндай танымалдылыққа ие боламын деп ойламадым. Тек музыканы жақсы көрдім. Біз бұл әнді шын жүректен жаздық. Халықтың жүрегіне жетеді деп ойламадық. Рақмет», – деді Jazzdauren бағдарлама барысында.

Бұдан бөлек, Андрей Малахов Жандәуреннің отбасымен таныстырып, түсірілім тобымен туған ауылына барып келгені үшін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановқа алғыс айтты. Ал Жандәуреннің Қарақұдық ауылында тұратын әкесі мал шаруашылығымен айналысатын болып шықты.

«Қазір шөп шабуға дайындалып жатырмыз. Жандәурен анда-санда демалыста келіп тұрады. Негізінде шаруашылыққа көмектеседі. Қой бағуға құлаққап тағып кетеді. Кешке келіп, «қой қайда?» деп сұраймын. Содан іздей бастайды», – деп күледі Жандәуреннің әкесі.

Жандәуреннің анасы ұлының осындай танымалдылыққа ие болғанына дән риза. Jazzdauren оған тек ән айтып қана қоймай, суыр саууға көмектеседі екен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.