Бұл туралы ресми құжатта нақты жазылған.
Қазақстанда жаңа ұлттық орталық құрылады
1,111
оқылды

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталық құруға өкім берді. Бұл туралы Нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған құжатта айтылған,- деп хабарлайды  Aikyn.kz  сайты.

Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталық (ИҚҰО) инвестициялық қызметтің ұйымдық құрылымын жақсарту мақсатында құрылады. ИҚҰО міндеттері:

  • - Инвестициялар тарту кеңесі хатшылығының қызметін ұйымдастыру;
  • - бәсекеге қабілетті инвестициялық ахуалды құру үшін реттеушілік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
  • - Үкімет басшылығының тапсырмасы бойынша, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және олардың іске асырылуын мониторингтеу;
  • - мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және олардың іске асырылуын мониторингтеу кезінде салааралық үйлестіру;
  • - инвесторларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау.

Орталықты Премьер-Министрдің бірінші орынбасары басқарады.