Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің ерекше образын талқылап, түрлі пікір қалдырған.
«Тағы не бүлдірді?»: Төреғали Төреәліні жұрт танымай қалды
Фото: instagram.com/toregalitoreali
1,454
оқылды

Әнші Төреғали Төреәлі ерекше образбен ел алдына шығып, өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

 Өнер иесі Арбат алаңында қарияның кейпіне еніп, ән айтқан. 

“Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен бақыт табу үшін ғаламда, Үлкен болып қалу үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға. Бүгін кешке бірдеңе бүлдіреміз. Осындай шал болғанша елге қызмет ету бұйырсын!”, – деп жазды әнші желідегі парақшасында.  

Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің ерекше образын талқылап, түрлі пікір қалдырған.  

“Керемет идея екен”, “Не істесе де, айналасына адам жинала қалады”, “Төреғали тентек болғанымен, халық жақсы көреді”, “Ұлы Арбат атасы болды”, “Дауысынан бірден таныдық” деп жазды оқырмандар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.