Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Астанаға Ресей президенті Путин келді
Үкімет баспасөз қызметі
922
оқылды

Ресей президенті Владимир Путин бүгін таңмен Астанаға Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) саммитіне қатысу үшін келді, – деп хабарлайды Аikyn.kz Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ресей басшысымен Республика Премьер-Министрі Олжас Бектенов әуежайда кездесті.

5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд долларға жетті. Ал 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі – $19,1 млрд доллар. Атап айтар болса, осы кезеңде Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд-қа жетті. 

Еске салсақ, кеше ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен ұшып келді. Ол сондай-ақ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.

ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет – Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.